Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға

Агенттік жұмысының басты басымдықтарының бірі кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша Ұлт Жоспарын сапалы іске асыру болып табылады.

Департаментпен мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыс жүргізулүде, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындау кезінде формализм мен бюрократияны төмендету бойынша шаралар қолдануда.

Бұдан бұрын, 2018 жылдың қазан айында Департамент Агенттіктің тапсырмасын орындау мақсатында жергілікті атқарушы органдардың бизнес-процестеріне мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету процестерін зерттеу тұрғысынан талдау жасады.

Сонымен қатар, аптасына бір рет өткізілетін кеңестердің саны туралы деректер зерделенді,сондай-ақ қағаз және электрондық құжат айналымына байланысты бизнес-үдерістер зерттелді.

Жұмыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға қағаз тасығыштағы құжаттардың көлемі мен санын қысқарту бойынша, сондай-ақ отырыстардың санын азайту жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныстар жіберілді.

Моральдық-психологиялық климаттың бұзылуына, сондай-ақ қайта өңдеу фактілеріне әкеп соқтыратын жұмыстағы кемшіліктер Әдеп жөніндегі кеңеске жеке мәселе ретінде енгізілген болатын.

Ағымдағы жылдың сәуір айында біз қайта талдау жүргіздік, ол мемлекеттік органдардың бизнес-үдерістерді оңтайландыруға тиісті назар аударатынын көрсетті.

Сонымен, кеңестер саны азайды, сондай-ақ қағаз құжат айналымы қысқартылды.

Мысалы, «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ аптасына өткізілетін кеңестердің саны - 46-дан 8-ге дейін, ал «Үржар ауданы әкімінің аппараты» ММ - 41-ден 1-ге дейін азайды.

Осыған ұқсас жұмыстар «Бесқарағай ауданы әкімінің аппаратында» - 41-ден 1-ге дейін және «Шемонаиха ауданы әкімінің аппаратында» - 25-тен 1-ге дейін байқалады.

Органдардағы жұмысты ұйымдастырудағы осындай тәсілдер ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуал құруға оң әсер етеді деп ойлаймыз.

Қағаздағы құжат айналымы барлық мемлекеттік органдарда айтарлықтай қысқарды, жекелеген жағдайларда ол азайтылды, қағаз тасығышта азаматтардың өтініштеріне ғана жауаптар ғана басып шығарылатының айта кету керек.

Осы бағыт бойынша оң жұмыс жасалды «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» ММ - 90%-дан 33%-ға дейін, ветеринария, ауыл шаруашылығы басқармалары 100%-дан 1%-ға дейін және кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы 93%-дан 8%-ға дейін.

Аудан әкімінің аппараттарында және олардың дербес бөлімдерінде Шемонаиха ауданы бойынша - 52%-дан 8%-ға дейін, Жарма ауданы бойынша - 50%-дан 16%-ға дейін, Үржар ауданы бойынша - 48,8%-дан 1%-ға дейін, Күршім ауданы бойынша - 48%-дан 15%-ға дейін.

Электрондық құжат айналымына көшу қағазға, картридждерге және бояуға бөлінетін шығындарға оң әсер етеді. Өз кезегінде, үнемдеу Мемлекеттік органның неғұрлым тиімді қызметкерлеріне сыйақы беруге мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Мысалға, Агенттік департаментінде жүргізілген талдау бойынша электрондық құжат айналымына көшумен тек қана 6 ай ішінде 70 пачка қағаз үнемделді, бұл шамамен 60 000 теңгені құрайды.

Мемлекеттік органдардағы жұмысты ұйымдастырудың мұндай тәсілдері нақты мемлекеттік лауазымдағы міндеттерді үнемдеу мен тиімді орындауға алып келеді және осыған байланысты оны жалғастыру қажет.

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан бойынша Департаменті

Похожее

Комментарии