САЙРАНЫҢ ФИТНЕС КЛУБЫ

Кәсіпкерлер Палатасының Күршім аудандық филиалы жастарды қолдау мақсатында Акежанова Сайраға бизнесті қалай ашу мақсатында кеңес беріп, бір айлық «Жас кәсіпкер» жобасына оқуға шақырды. Қайтарымсыз грантқа ие болатын жас кәсіпкер нені білуі керек, неден бастағаны жөн деген алғашқы бизнес сабақтарынан дәріс алды.

Кәсіпкерлер палатасының Күршім аудандық филиалы жастарды қолдау мақсатында Акежанова Сайраға ақыл-кеңестерін айтып, бірайлық «Жас кәсіпкер» жобасына оқуға шақырды. Қайтарымсыз грантқа ие болған жас кәсіпкер нені білуі керек, неден бастағаны жөн деген алғашқы бизнес сабақтарынан дәріс алды.

- Қыз-келіншектерге арналған демалыс әрі жаттығу залын ашсам деген ой келді. Күршімдік қыз-келіншектер үшін шағын болса да фитнес залын ашып көрейін деп шештім. Бір айлық «Жас кәсіпкер» жоба бойынша оқу оқып, сертификат алдым. Бизнес жоспарымды да ойдағыдай қорғап шықтым. Грант ретінде қолыма 505 мың теңгені алып, бірден фитнеске арналған батуттарды Ресейден тапсырыспен алғыздым, - дейді Сайра.

Бүгінгі таңда Сайра Акежанованың фитнес клубына қызығушылық ерекше екенін байқауға болады. Ашылғанына бір-екі ай болса да, 15-55 жас аралығындағы қыз-келіншектер тұрақты қатысуда. Қатысушылар аптасына үш рет келеді.

- Мен ең біріншіден, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың арқасында оймақтай ісімді бастадым. Бұл кәсібін ашуға ынталы жандарға қандай қолдау десеңізші?! Үкіметтің жастарға көрсетіп отырған мүмкіндігін ұтымды пайдалана білуімнің арқасында сүйікті ісімді ерекше сүйіспеншілікпен жүргізудемін, - дейді кейіпкеріміз.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Похожее

Комментарии