ШҚО студенттері «Олжа» шаруа қожалығының басшысы Дінмұхаммед Айтуарұлымен кездесті

2019 жылдың 23 жұлдызы күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» факультетінің 3-4 курс студенттеріне «Атамекен» ҰКП қолдауымен өткізіліп жатқан «Кәсіпкерлік негіздері» курсына бизнес тренерлері А. Ибраева мен И. Жұртыбаеваның шақыртуымен жас кәсіпкер, «Олжа» шаруа қожалығының басшысы Айтуар Дінмұхаммед Айтуарұлымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жас кәсіпкер өзінің тәжірибесімен бөлісті. Аталған «Олжа» шаруа қожалығы 2019 жылы ашылған. Шаруа қожалығы ірі қара мал шаруашылығымен айналысады. Шаруа қожалығын ашу үшін кәсіпкерлікті қолдау мақсатында берілетін мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие 4 млн. теңге алған. «Олжа» шаруа қожалығы «Озерка» елді-мекенінде орналасқан. Қожалықта қазіргі таңда 35 ірі қара мал басы бар.

Аталған кездесудің маңызы өте зор. Студенттер үшін өте қызықты болды. Студенттер өздерін ойландырып жүрген сұрақтарын қойды. Сұрақтарына тұшымды жауап алды. Ең бастысы ешқандай бизнес саласындағы қиындықтардан қорықпай, еңбек етсең, алдыға қойған мақсатқа жетуге болатынына көз жеткізді.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Похожее

Комментарии